Көршілердің бізбен келісе алмай жүрген нұсқасы:
ҚАЛДИРҒАШ БИ
Шайх Хованд Тахур қабірінің терістігіндегі мазар Қалдирғаш би аталады.Дереккөздерде тарихы жайлы мәліметтер баршылық. Атап айтқанда тарихшы Мұхаммед Салыққожаның "Тарихи жадидайи Тошканд" еңбегінде азырақ мәлімет бар. Онда жазылуынша, сол дәуірде шатырға ұқсас биік күмбез ішіндегі қабір Дешті Қыпшақ шахзадаларының бірінікі деп есептелген. Ол Шайх Омар Бағыстанийдың лайықты муридтерінен яғни Қалдирғаш бидікі. Ол қабірінің орнын өз ықласы бойынша тірі кезінде таңдап иеленіп қойған екен.
Кесене археологиялық зерттеулер бойынша XIV ғасырда тұрғызылғандығы анықталған.
Қалдирғаш би тұлғасы осы есіммен аталуына байланысты түрліше аңыздар айтылады.
"Хидоят" журналының(N6, 2003ж. Иброхим Одилов мақаласы) жазуынша Қалдирғаш бидің есімі - Төлебай. Ол Зеңгі атамен сабақтас болған Сіргелі атаның Елібай есімді перзентінің тұңғыш ұлы.
Төлебай шариғат пен тариқат ілімдері бойынша білгір болыпты, сол себепті оған би дәрежесі берілген екен.
Мақала авторының бабалары Сүлеймен қарыдан есітуінше, Қалдирғаш бидің Балта қары, оның ұлы Бекбай, оның ұлы Байбота, оның ұлы Базарбай, оның ұлдары: Әділ, Дәділ және Еділ болып, өсіп-өнген екен. (Елібайлар шежірелеріңді көтеріңдер.)
Мақалада Қалдирғаш би атауына байланысты мынадай аңыз келтіріпті:
" Бір көктемде сейіл созылып, Төлебайдың отауы сайлау жерде ұзағырақ тұрып қалыпты. Сол кезде бір қарлығаш отау төбесіне ін салып, жұмыртқа басқан екен.Тіпті балапандары да көріне бастапты. Отауды жиыстырмақ болған қызметшілер бұл жайды биге хабарлайды. Төлебай би қарлығашқа мейірімі түсіп, балапандары ұшқанша отауды бұзбауды тапсырып, екі кісіні сол жерге қалдырып кетіпті.
Осыдан кейін халық құрметімен Төлебай - Қалдирғаш би аталған екен."
(Суюндик Нуротоий, Мухиддин Аблаев,Туронзамин азиз авлиёлари ва уламолари тазқираси, Ташкент,2017ж., 102-103бб.) Үзінді етіп аударылды.