«Қыз Жібек» жырындағы бірқатар тарихи топоним өзге қазақ жырларында да ұшырасады. Мәселен, Қара теңіз көлі гидронимі «Қобыланды батыр» эпосында да бар. Осы орайда бұл жырды арнайы қарастырған фольклортанушы ғалым Тынысбек Қоңыратбай: «Жырдағы Айна көл, Аққулы көл, Қара теңіз көлі, Сарысу, Ұзын көл секілді атаулар бірде гидроним, бірде апеллятив тұлғасында көрінгендіктен жағырафиялық шегі де бұлдыр. Осы белгісі оларды қосалқы, өтпелі гидронимдер санатына қосуға негіз бола алады. Қамтып жатқан жағырафиялық шегіне қарап, оларды макротопоним тобына қосар едік», – деген ой түйеді
«Қыз Жібек» жырындағы Қара теңіз (көлі) сияқты атаулардың, базбір авторлар жазатындай, бір жырдан келесі жырға көшіп жүретін типтік сипатынан гөрі этникалық сана аясында туған, этногеографиялық шегі бар топоним ретіндегі тарихи негізі айқын
«Қобыланды» жырында Қараспан – қара қыпшақтың этногеографиялық шегін белгілеген этноороним, «Алпамыста» Жиделі Байсын – қоңыраттардың этногеографиялық өрісін айқындап тұрған этногеографиялық кеңістік болса, «Қыз Жібек» лиро-эпосындағы Қара теңіз (көлі), оған апеллятив Ақ теңіз (көлі) атаулары – Жағалбайлы жұртының этногеографиялық аймағын білдіретін этнооронимдер.
Осынысымен ол Қара теңіздің жағасы деп Харазым (Үргеніш) ойпаты ареалындағы Арал теңізін нұсқағандай қалып танытады. Бұл меңзеу қазақ эпостарында «Қара теңіз бойында, Самарқанның ойында қызылбастың елі бар» деп
Выдержки из Қазақ текстологиясы: эпостық жырларды мерзімдеу (датировка) мәселелері. Ұжымдық монография. – Алматы, «Әдебиет Әлемі» 2017. – 416 бет.
В сети пока не могу найти, чтобы здесь ссылку разместить, но у меня есть полная "ПДФ" версия. Могу выслать, если интересно. Повторюсь очень много версий в этой работе рассмотрено подробно