Шынғысханның мазары табылды.
Күллі адамзат тарихында жарты әлемді бағындырған қайраткерлер, аз болса да, бар. Александр Македонский, Наполеонды атауға болады. Солардың ішінде Батыс пен Шығыс ерекше тұлға ретінде қайта-қайта Шыңғыс ханды еске алып қайырыла береді. Әрине, бұл оның ұлылығында. Дүние жүзі ғалымдары екі ғасыр бойы іздесе де, оның мүрдесін таппай келуі де ұлылығының бір белгісі шығар. Моңғол ғалымдары осы құпияның сырын ашқанын естіп, оқиғаның анық-қанығын білу мақсатында филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлымен сұхбаттасқан едік.
- Кезінде жарты әлемді бағындырып, жалғанды жалпағынан басқан Шыңғыс ханды тарихшылардың дені әлем мәдениетін жермен жексен еткен күнәћар, қатыгез, қанішер ретінде бағалап келгенін білеміз. Ал соңғы кезде талантты әскери қолбасшы, әлем мәдениеті мен өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері ретінде жақсылық жағынан бағалау үрдісі басым түсіп отыр. Сіз қалай қарайсыз?
- Шыңғыс хан - тым күрделі қайраткер. Сол екі тұжырым қатар тұрғанда ғана Шыңғыс ханның нағыз табиғи бейнесін көрсетіп береді. Екеуі де бір парақтың екі беті сияқты болғандықтан, екі пікірге де қатар ой жүгіртсек, ұлы тұлғаны дұрыс танып білетін боламыз.
Шыңғыс ханның нағыз келбетін ашып, оның іс-қимылын және моңғолдардың шүршіттің Алтын еліне жасаған жорығы туралы нақты қорытынды жасаған адам академик Б. Владимирцев еді. Ол былай дейді: “Шыңғыс хан қытай еліне жасаған жорықта адам төзгісіз қатыгездік жасап, қолға түскен мыңдаған қарапайым жандарды қинап, тозаққа сап, көптеген елді-мекен, қалаларды күлге айналдырған деп асыра ағат жазушылар көптеп кезігеді. Бірақ та моңғолдарды қатыгез, қанішер ретінде көрсетіп қаралау тарихи шындыққа еш жанаспайтынын көптеген ғалымдар зерттеу еңбектерінде көрсетіп келеді. Шыңғыс хан қырып-жоюды алға қойған қаныпезер деген тұжырым тым қисынсыз екені тарихи деректерде дәлелденген. Моңғолдың қоластына кірген қытай, қидан азаматтарын, қатардағы жауынгер, генерал, қызметкерлерді өзіне пайдалану үшін Шыңғыс хан әуелі қолдап, қоршап жұмыс беріп сенім артып отырғаны көптеген деректерде расталған. Шыңғыс хан еш уақытта адамдарды бостан босқа қырып жоймаған, керісінше ол мүддесіне шебер пайдалана білген”.
Міне, Шыңғыс хан жайындағы біржақты тұжырымды түбегейлі өзгерткен атақты ғалым Лев Гумилевтен бұрын
Б. Владимирцев те осылай бағалаған.
Қабірді іздеп 100-ге жуық экспедиция шыққан
- Шыңғыс ханның зиратының бүгінге дейін табылмай келуінің өзін қағанның керемет кемеңгерлігіне әкеліп тірейміз. Осы заманғы озық құралдармен жарақталған жапон зерттеушілері Моңғолияның шығысын жеті қат жер астына дейін екі жыл бойы тінтіп, ештеме таба алмады. Енді, міне, Шыңғыс ханның мүрдесі табылды дегенді сіздің аузыңыздан естіп отырмыз. Толығырақ тоқталсаңыз.
- Ұлы қаған өмірден өткен кездегі оқиғаны жазба нұсқалар бойынша ой елегінен бір өткізелік.
Шыңғыс хан қайта бас көтерген Таңғұт еліне қолды өзі бастап аттанады. Таңғұт жолындағы “Алтын гандир” атты белегірден ұлы қол өтіп бара жатқанда қаған қамшысын түсіріп алады. Көмекшілері жетіп келіп қамшысын алып бермекші болғанда қаған тоқтатып:
- Жатсын! Біраз жатсын. Мен осы жердің аумағына көз шалайын, - дейді.
Аса үлкен бел де емес, белегір. Ағаш өспеген, жан-жағы ашық. Жер атауы Алтын мұнара (Алтын гандир) деп аталады екен. Біраз тұрған соң “болды” дейді. Қол алға жылжып жүріп кетеді. Сөйтіп, қаћарлы қағанның қолы Таңғұт елін қайта жаулап алып, тыныштандырып қайтар күні (1227 жылы қыркүйек айының басында) ұлы тұлға бүгінгі ҚХР-дың Гансу өлкесінің Чин Сүн Сян деген жерінде көз жұмады. Қағанның мүрдесін қазақ арбасына артып елге қайтады. Жолда жоғарыдағы қамшы түсіп кеткен Алтын мұнара беліне келгенде хан мүрдесі артылған арбаның артқы екі доңғалағы жерге кіріп кетіп шығара алмай әуреге түседі. Жер әлпеті белегір әрі құрғақ, жауын жаумаған. Сөйте тұра құдайдың құдіретінше арба доңғалақтары жерге кіріп кеткен. Күштейін десе, арба сынады, күштемейін десе ұлы мүрдені жеткізу ісі кешігеді. Қолбасшыларының бірі Тәңірге жалбарынып дұға оқып, осы жерге үш күн аялдайды. Ақыры дұғадан кейін арба доңғалағын жерден шығарып алады.
Бұл бүгінгі Ішкі Моңғолияның (ҚХР) Зүүн-хошун (Солқол қосыны) ауданының Ежен-қора деген жері еді. Ұлы қағанның мүрдесі үш күн аялдаған осы жерге қаралы керуен кеткен күннен бастап моңғолдар сегіз киіз үй тігіп ұлықтап бүкіл халық тәу ететін қасиетті орынға айналдырған.
Содан бері 847 жыл өтті. Бүгінгі күні ҚХР-дың Үкіметі киіз үй архитектурасымен қазіргі заманның сәнді ғимараттарын тұрғызып, әлем туристерінің көрнекті ордасына айналдырған. Моңғол империясының билік басындағылар сол кезде Ұлы қағанның қайтыс болғанын, оның қайда жерленгенін соншама құпия ұстаған. Қағанның өмірден өткені туралы хабарды жылдығында ғана таратқан.
Қайда жерленгені сол күйі құпия қалды. Соңғы 200 жылда қағанның қабірін іздеген 100-ге жуық экспедиция Орталық Азияны кезіп, басын тауға да тасқа да ұрды. Сол жолда мерт болғандар да баршылық. Барлығы да сәтсіздікке ұшырады.
Атақ шығаруды мақсат еткен алаяқтар бірнеше мәрте ұлы адамның жатқан жерін таптық деп жалған ақпараттар таратты. Бірақ, бәрі де жалғандықтан аспады. Ұлы тұлғаның мүрдесін іздеген 200 жылда шетелдік бір ғана адам қаған мазарының басына барып қайтыпты. Ол 1903 жылы америкалық кезбе (атын ұмыттым) Кентай жотасындағы Бурхан-Халдун тауына барған. Сонда алты ай бойы тұрып, тұрғын халықпен етене шүйіркелесіп, ішіне кіріп ел аузындағы аңыздарды жазып ала отырып, Бурхан-Халдун тауына шыққан. Сапарын аяқтаған соң еліне барып Шыңғыс ханның мазары Бурхан-Халдун тауының үстінде деген тұжырым жасап жолсапар белгілеуін жариялаған.
1795-1847 жылдары өмір сүрген моңғолдың атақты ғұлама тарихшысы әрі жазушы Ванчинбал “Көк судар” (Киелі шежіре) атты тарихи еңбегінде (кейін бұл еңбекті ұлы Инжинаш жалғастырып жазып аяқтаған): “Шыңғыс ханның мүрдесін Онон, Керулен өзенінің бастау алған басы, Бурхан-Халдун тауының төбесіне тас үй орнатып жерлеген. Мүрдені шынар ағашынан жасалған сандыққа әспеттеп орналастырып, сандықты үш алтын белдікпен сақиналап бекіткен. Алтын белдікті сандық арнайы айналмалы механизмге орнатылған деген аңыз бар” деп жазып қалдырған.
Қаған мүрдесін тапқан - Нямаагийн Даваа
Енді қаған мүрдесін тапқан адамға келейік. Жоғардағы жазба және ел аузындағы аңыздар мен ұлттық дәстүрге әбден қаныққан Нямаагийн Даваа деген моңғол азаматы бертінірек Ұлы қағанның мүрдесін іздеуге бел буған.
Нямаагийн Даваа Күлтегін, Білге қаған ескерткіштерінің басында туып (Бұлғын аймағында), сонда ойнап өскен. Оның бабалары Күлтегін мен Білге қаған кешенінің шырақшысы болған екен. Кішкентайынан ұлы әкесінің тәрбиесін көріп, сол кісінің айтқан талай аңыздарын естіп, миына тоқып сусындаған. Сол кішкентай Н.Даваа азамат болып ат жалын тартып мінеді. Бизнеспен айналысып туристік база құрады. “Анод” атты коммерциялық банк орнатады. Ақша бар, дәулет жетеді. Сөйтіп ол “Тәңір тегі” атты ғылыми зерттеу қорын құрып, Бурхан-Халдун кешенін қазу әдістемесін жасайды. Осыдан кейін жоғарыдағы ақпараттарды сараптай отырып, геолог, геофизик, радиофизик, археолог іспетті арнайы мамандармен, қазіргі заманғы техникамен жабдықталған экспедиция ұйымдастырып, Бурхан-Халдун тауының үстіндегі кешенмен екі жыл бойы жұмыс жасаған. Тікұшақпен аэрофотоға түсіріп ғарыштық ақпараттарды пайдаланады.
Бурхан-Халдун тауы теңіз деңгейінен 2367 метр биіктікте. Ондағы кешеннің биіктігі 22 метр, ұзындығы 280 метр, көлденеңі 190 метр екені анықталды. Геофизикалық бақылаулар жүргізеді. Радиометр мен радиомагниттік әдістемелер арқылы жүргізілген сараптамалардың нәтижесі бірдей шығады. Сараптамалардың нәтижесінде таудың үстіндегі кешеннің астында
30 метр тереңдікте бағалы металл және сүйек орналасқан табыттың суретін шығарады. Осылайша, бұл адам мүрдесі жерленген орын екені анықталады. Жоғарыдағы жазбаша дерек пен ел аузындағы әңгіме бойынша Шыңғыс хан мүрдесі осы деген қорытындыға келген. Шыңғыс ханның мазары табылғаны туралы ресми ақпаратты 2008 жылдың басында жариялады. Ұлы қағанның мазары осылайша табылды.
Тарихшы һәм жазушы Ванчанбал жоғарыда аталған “Көк судар” атты еңбегінде Бурхан-Халдун тауының айналасындағы кіші таулардың үстінде Шыңғыс ханның ұлдары Өгөдей, Толуй, немерелері Мөңке, Күйік төртеуі жерленгенін де ашық жазған. Міне, осы төрт ұлы қағандардың төртеуінің де мазарлары түгелдей Бурхан-Халдун маңынан табылып отыр.
- Сонда Ішкі Моңғол жеріндегі “Алтын гандир” белегірінен өтіп бара жатып қамшысы түсіп кеткен жерде Шыңғыс не үшін ойға батып көп тұрды екен, Шыңғыстың мүрдесін артқан арбаның доңғалағы қандай құдіретпен жерге батып кетіп, үш күн аялдауға тура келді екен? Осында бір гәп бар сияқты ғой. Мүмкін, Қағанның мүрдесі сонда жерленген шығар. Тіпті, сол жерде жайқалып жападан-жалғыз ағаш өсіп тұрған. Шыңғыс хан: “Мен таңғыдтармен шайқаста қаза болсам, мүрдемді осында жерлеңдер” деп өсиет қалдырыпты деген аңыз да бар. Оған қалай қарайсыз?
- Моңғолдар жер киесіне ерекше табынатын жұрт екенін өзің де жақсы білесің. Шыңғыс ханның ата-бабасы теңіздерді кешіп, тауларды асып, (“Моңғолдың құпия шежіресінің” тілімен айтқанда) батыстан көшіп келгенде тұрақтаған Бурхан-Халдун тауына бүгінгі ұрпақтарына дейін сан ғасыр бойы тәу етіп табынып, тәңір тұтып келеді. Кезінде моңғолдың тайчуд тайпасы Темүжінді ұстап алып өлтірмекші болғанда, осы Бурхан-Халдун тауына келіп бой тасалап, Түнкіліг-Қорқының (Түңкелі бұлақ) басына жеті тәулік түнеп жаны аман қалған еді. Хорезм шахына жорыққа аттанар алдында Шыңғыс хан Бурхан-Халдун тауының ұшар басына шығып үш күн, үш түн бойы мойнына кісесін салып тұрып Тәңірден тілек тілеген. Қандай бір ұлы жорыққа аттанар алдында осылайша Бурхан-Халдун тауына шығып тілек тілеп бір Тәңірдің алдында уәжін айтып жеңілдеп аттанатын болған.
Өйтсе, Шыңғыс хан мүрдесін осы бір тәңірдей табынған Бурхан-Халдун тауының үстінде жерлеуге өсиет қалдырды деген аңыз ақылға қонымды-ақ. Әрі Шыңғыс хан өзін осы қасиетті мекенге емес, басқа жерге жерлеуді өсиет етті деу қисынға келе ме?
Әрине, сіздің күмәныңыз да орынды. Бірақ Шыңғыс хан бізден ақылды ғой, мүмкін ғұмырының санаулы күндері қалғанын білген ол “мені осында жерлеңдер” дегенді ишарамен білдірген екен деп жаңылту үшін қамшысы түскен жерге әдейі аялдаған болар. Әйтпегенде Шыңғысханның мүрдесі сол қамшысы түскен Ішкі Моңғолияның “Ежен-қора” деген жеріне жерленсе “түрікпеннің түбіндегіні көретін” қытайлар әлдеқашан тапқан болар еді ғой.
Ал сол жерге Шыңғыс ханның табытын артқан арбаның доңғалағы батып кетіп, үш күн бойы шықпай қоюы осы жердің аруақты адамның мүрдесін өзіне тартып тұрған киесі болар. Қағанның нөкерлері дұғаның күшімен алып шықты деген аңызда да негіз жоқ дей аласыз ба? Бір анығы, Шыңғыс хан сол киені өліміне қатысты болсын, болмасын, таныған, табынған деп топшылауға болады. Алайда онда жерленді деу ақылға сыймайды.
- Жарайды, қағанның мүрдесі дәл сол деп білейік, алайда табытты әзірге ешкім жай көзбен көріп, қолмен ұстаған жоқ. Алда әлемдік деңгейдегі аса құнды мұраны әспеттеу жағы қалай болады деп ойлайсыз?
- Өкініштісі де сол, Ұлы қағанның сүйегін сырқыратып мазарын қазуды моңғол халқы рұқсаттамайды. Бұған моңғол үкіметінің үкімі жүрмейді. Себебі, моңғол елінің мемлекет билігі - халықтың уысында.
Демек, мазарды ашуға бүкіл ұлт рұқсат бермейтіндіктен қаћарлы қаған мазары әлі де мың жыл бойы әлемнің ашкөздерінен құпиясын сақтап жата берер. Техниканың соңғы жаңалықтарының мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып, мазар кешенін қазбай-ақ құпиясын ашар…
Шыңғыс хан және біз
- Біздің тарихшы ғалымдарымыздың кейбірі Шыңғыс ханды тегі, діні бөлек ата жауы ретінде таныса, кейбірі қазақ, қазақтың ішінде Жалайыр болдыруға дейін барып жүр. Қазақ болмай-ақ қойсын, өзі, түркі текті ме? Менің білетінім Шыңғыс ханның тегінің ғұндар екенін тарихшылар түгелдей дерлік мойындайды. Біз өз тегімізді түріктен ары сақтарға, ғұндарға апарып тірейміз. Сонда сақ кім, ғұн кім? Шыңғыс хан кім, біз кім?
- Әрине, сақтар да, ғұндар да біздің ата тегіміз екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Сақтар б.з.д 8-2-ғасыр аралығында, ғұндар б.з.д 2-ғасырдан біздің заманымыздың 1-ғасыры аралығында өмір сүрген. Моңғолдардың да ата тегі ғұндар екені даусыз. Шыңғыс ханның тегі хият екендігі бұдан сегіз ғасыр бұрын жазылған “Моңғолдың құпия шежіресі” кітабында да айтылады. Бірақ хияттар бертін келе моңғол хият, түркі хият болып екіге бөлінген. Шыңғыс ханның тегі моңғол хият. Арғысын өзіңіз бажайлаңыз. Қалайда нақты тарихты бұрмалап Шыңғыс ханды қазақ болдыра алмасаңыз да түркі, тегінен алыстата да алмайсыз.
Сұхбаттасқан - Бодаухан Тоқанұлы.
Мой краткий перевод:
Найдено захоронение Чингисхана.
Ученые всего мира не могут найти место захоронения Чингисхана уже на протяжении двух веков. Узнав, что монгольским ученым удалось обнаружить могилу Чингисхана мы за разъяснениями обратились за интервью к доктору филологических наук, академику международной Академии Чингисхана, тюркологу Каржаубай Сарткожаулы:
- За прошедшее время поисками занималось около 100 экспедиций. А японские исследователи, оснащенные самой передовой поисковой техникой, в течение двух лет буквально испещрили всю землю восточной части Монголии, но ничего не нашли. О том, что найдена могила Чингисхана мы впервые слышим от Вас, можно ли поподробнее?
- Давайте по письменным источникам проанализируем события, связанные с его смертью. Как известно, Чингисхан сам возглавил войска против взбунтовавшегося Тангутского царства. По пути в Тангут при прохождении великого войска через перевал «Алтын гандир» Чингисхан обронил свой кнут (камчу). При попытке помощников поднять с земли кнут Чингисхан остановил их: пусть полежит немного, а я пока осмотрю местность: небольшой перевал, деревьев нет, а название означает «Золотая башня». После чего войско опять тронулось в путь и подавив Тангут, перед возвращением в обратный путь в начале сентября 1227 года великий каган скончался в местности Чин Сунн Сян нынешней провинции Ганьсу КНР. Погрузив тело кагана в казахскую арбу тронулись обратно домой. На том самом перевале «Алтын гандир» в сухой и ясный день задние колеса арбы глубоко повязли в земле, что было воспринято всеми как особый знак Всевышнего: дернешь сильнее - арба сломается, тянуть слегка – задержишься в пути с покойником. Один из полководцев решил просить Тенгри и три дня провел в молениях на перевале, после чего удалось освободить арбу. Сейчас это местечко Ежен-кора района Зүүн-хошун (войско левого крыла, руки) во Внутренней Монголии КНР. После ухода траурного каравана на этом месте монголы поставили 8 юрт и с тех пор считают это место святым.
С тех пор прошло много веков. Современное правительство Китая на этом месте воздвигли архитектурный комплекс по стилю юрт превратив его в один из туристических центров. Смерть великого кагана и место его захоронения правителями Монгольской империи были превращены в тайну. Весть о его смерти была обнародована лишь на его годовщине.
За последние два века поисками его могилы занималось около 100 экспедиций, которые искали ее повсюду, по всей Центральной Азии. Были случаи и смерти поисковиков, но все попытки остались безуспешными. Искатели лишь славы несколько раз даже объявляли о якобы находке захоронения Чингисхана. Но все было напрасным.
И только один странствующий американец (имя его запамятовал) действительно побывал в 1903 году на его могиле великого кагана на горе Бурхан-Халдун хребта Хэнтэй (Кентай), который пробыл там шесть месяцев, близко общался с местным населением, записал от них устные предания. После возвращения домой объявил, что могила Чингисхана находится на горе Бурхан-Халдун и стал планировать специальную экспедицию.
Известный монгольский историк и писатель Ванчанбал (1795-1847) в свое историческом труде «Синие воды или Святая родословная» («Көк судар» – «Киелі шежіре») писал (позже эту книгу продолжил и закончил великий Инжинаш): «Тело Чингисхана похоронено у устья рек Онон и Керулен, на вершине горы Бурхан-Халдун, под специально построенной каменной постройкой. Тело покойника было помещено в гроб (сундук) из дерева шынар (платан?), который был опоясан тремя золотыми поясами и ожерельями. Существует легенда, что с помощью золотых поясов приводится в действие механизм вращения гроба».
Могилу кагана якобы нашел монгол Нямаагийн Даваа.
Теперь остановимся ближе на человеке, обнаружившем захоронение.
Хорошо знавший от своего отца письменные и устные предания Нямаагийн Даваа начал поиски могилы великого кагана. Этот человек родился и вырос у памятников Культегину и Бильге кагану в Булгун аймаке. Его предки якобы были служителями в мемориалах Культегина и Бильге кагана.
Повзрослев Н.Даваа занялся бизнесом и создал свою туристическую базу и коммерческий банк «Анод». Таким образом, имея финансовую основу организовал научно-исследовательский фонд «Происхождение Тенгри» («Тәңір тегі»). Поле чего, учитывая вышесказанные сведения, он привлек для организации экспедиции и проведения раскопок на Бурхан-Халдуне специалистов геологов, геофизиков, радиофизиков, археологов, снабдив их самой современной техникой. Работы проводились в течение двух лет. Использовалась даже аэрофотоснимки и снимки из космоса. Гора Бурхан-Халдун находится на высоте 2367 м. выше уровня моря. Было установлено, что высота похоронного комплекса на вершине горы 22 метра, длина 280 метров, ширина 190 метров. Были проведены геофизические наблюдения, радиометрические и радиомагнитные исследования. Результаты которых дали снимок, на котором под комплексом на глубине 30 метров находится гроб из благородного металла и кости человека. На основе вышеуказанных письменных данных и устных преданий было заключено, что это захоронение Чингисхана. Информация о находке была обнародована в начале 2008 года.
По информации книги упомянутого Ванчанбала, на вершинах меньших гор вокруг Бурхан-Халдуна захоронены сыновья Чингисхана Өгөдей и Толуй, внуки Мөңке и Күйік.
- Но почему тогда в источниках говорится о необычайности произошедшего на перевале «Алтын гандир», ведь случаи с кнутом и колесами телеги неспроста описаны в исторической хронике и почему специально акцентируется, что Чингисхан придал обронению кнута особое значение, задумался и специально осмотрел местность? Может он захоронен именно там? Вроде-бы существует предание, что Чингисхан завещал похоронить его в этом месте в случае смерти в бою с тангутами? Каково Ваше мнение об этом?
- Вы и сами прекрасно знаете, что монголы особо почитают святые места. Предки Чингисхана придя с востока «переплыли море и взошли на гору» (выражаясь языком ССМ) и остановились у горы Бурхан-Халдун, которую почитают по сей день. В свое время, когда племя тайчуд захатило его в плен и намеревалось убить, он в течение семи дней провел в мольбах к Тенгри на вершине Түнкіліг-Қорқының (Түңкелі бұлақ) и остался жив. Перед походом на хорезмшаха он также три дня провел на вершине Бурхан-Халдуна, сняв пояс и повесив его на шею, прося у Тенгри победы.
Поэтому могилу надо искать на горе Бурхан-Халдун, которой он молился как Тенгри. В эту пользу говорит и предание о том, что он завещал похоронить его на этой горе.
- Наверное можно предполагать, что он завещал похоронить себя не здесь, а в другом святом для него месте?
- Да, Ваше сомнение верно. Но, если он был бы захоронен там, где обронил свою камчу, в местности «Ежен-қора» во Внутренней Монголии, то всезнающие и вездесущие китайцы давно бы его обнаружили. Да, случившееся на перевале с арбой было воспринято окружавшими как знак чего-то и потому они три дня провели там в молении. Но поверить в то, что он там похоронен, невозможно.
- Ладно, давайте посчитаем, что на Бурхан-Халдуне могила Чингисхана, но ведь еще никто не видел своими глазами сам гроб, не трогал его руками?
- К сожалению монголы не разрешат потревожить дух Чингисхана. Здесь власть монгольского правительства бессильная, все решает народ. По этой причине могила великого кагана будет хранить тайну еще порядка тысячу лет. А возможно в будущем с помощью новейшей техники будет возможно раскрыть тайны могилы без ее раскопки.
- Давайте теперь коснемся личности самого Чингисхана. К примеру, некоторые наши ученые показывают его как чуждого по происхождению и верованию по отношению к казахам и как извечного врага, другие – как казаха, вплоть до того, что он якобы из рода жалаир. Пусть конечно он не казах, но тюрк ли он? По моим данным, так это то, что все историки признают его предками хуннов. Мы тоже считаем своими дальними предками саков и хуннов. В таком случае кто такие саки, кто такие хунны, кто такой Чингисхан и кто мы?
- Конечно, учеными давно доказано, что нашими предками являются и саки и хунны. Саки были в 8-2 вв. до н.э., а хунны в период со 2 в. до н.э. до 1 в. н.э. Безусловно и то, что дальними предками монголов являются хунны. В ССМ, написанном восемь веков назад, говорится, что он происходит из рода хият/кият. Однако кияты в прошлом разделились на двое: на монгольских киятов и киятов-тюрков. Чингисхан происходит из монголо-киятов. А дальше выводы делайте сами. Как не сможете назвать Чингисхана казахом искажая историю, так и не сможете его отдалить от тюрков.
Беседовал - Бодаухан Тоқанұлы.